АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Ақселеу Сейдімбектің халық сынына ұшыраған ескерткіші бұзылды[:]

[:kz]

 

Бұған дейін Жаңаарқа ауданының әкімі Юржан Бекқожин ескерткіш алынып тасталады деп уәде берген еді, деп хабарлайды Экспресс К.

Шенеуніктер айтқан сертінде тұрып, халық сынына ұшыраған ескерткіш алынып тасталды. Ақселеу Сейдімбекке арналған ескерткішті бұзу сәтін журналист Ришат Асқарбекұлы Facebook-тегі парақшасына салды.

Жаңаарқа ауданының әкімі Юржан Бекқожиннің айтуынша, ескерткішті Ақселеу Сланұлының інісі өз қаражатына жасатып, орнатқан.

«Бұл ескерткішті Ақселеу Сланұлының інісі Асылхан Сейдімбек өз қаражаты есебінен жасатып, барлық құжаттары дұрыс екенін жеткізген. Алайда бүгінгі күні жаңадан ашылған ескерткішке қатысты азаматтар тарапынан бірқатар наразылықтар туындауда. Ақселеу мүсіні менің де көңілімнен шықпады. Осыған орай, ескерткішті тапсырыс берушілерге қайтару туралы шешім қабылданды. Орнына талапқа сай, тұлғаның бейнесіне сәйкес келетін ескерткіш қою үшін тиісті шаралар қолданылады», — деп жазды Жаңаарқа ауданының әкімі.

Айта кетейік, кеше Ұлытау облысындағы Жаңаарқа ауданында қоғам қайраткері, публицист, жазушы, этнограф, біртуар тұлға Ақселеу Сейдімбектің ескерткіші ашылған болатын.

Бірақ Ақаңа қойылған ескерткіш желі қолданушыларының сынына қалды.

Ақселеу Сейдімбек 1942 жылы 12 желтоқсанда қазіргі Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы Байдалы би ауылында туған.

Отызға тарта көркем, ғылыми-көпшілік және монографиялық кітаптардың авторы. Гомердің «Илиада», «Одиссея» дастандарын қара сөзбен аударған. И.Можейконың «7 және 37 керемет» (1998) кітабын тәржімалаған. Шығармалары оннан астам шет тіліне аударылған.

Ақселеу Сейдімбек 2009 жылы 16 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда қайтыс болды.

[:]