[:kz]
КТК арнасындағы Астарлы ақиқат бағдарламасына көмек сұрап келген ана баласының 14 жыл бұрын табыс табу үшін елден кеткенін айтты. Оның сөзінше, ұлы Өзбекстаннан Қазақстанға қоныс аударғаннан кейін біраз уақыттан соң мүлде хабарсыз кетіпті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Сағыныштан сарғайған ана ұлымен бағдарлама барысында қауышты. Ер адам неліктен үйіне қайтып оралмай, хабарсыз кеткенін сөз етті.
«Колледже жаңадан түскен кезде, 17 жасымда Қазақстанға келдім. Әкеме барып: Достарыммен елге шығып, жұмыс істеп қайтайын» дедім. Үйдің жағдайын көріп тұрсыз ғой» дедім. Жұмыста жүріп, құжатымды жоғалтып алдым. Әртүрлі объектте істеп жүрдік. Көшіп-қонып жүргенде құжатым жоқ болды», — дейді ол.
Құжатсыз қалған ер адам бірнеше рет полицияға ұсталып, қамауға алынғанын сөз етті. Сол себепті де ол полициядан, елшіліктен көмек сұрауға қорыққан екен. Осылайша ер адам өзге елде жылға жуық тұрып, отанына қайта оралмаған.
Сонымен қатар, белгілі болғандай ер адамның екі інісі әкелері ауыр халде жатқан кезде Қазақстанға келіп, ағаларын іздестірен, алайда таба алмай, үйлеріне қайтып кеткен. Әкесімен қоштаса алмаған кейіпкер оны түсінде жиі көретінін алға тартты.
«Әкем түсімде ақ киіммен келеді. Маған қолын созады. Мен де созамын, бірақ жете алмаймын. Шақырады. Бірақ мен бара алмаймын. Сосын шошынып оянып кетемін» — деді ер адам.
Оның сөзінше, әкесі ұлын өзге елге аттандырар алдында ақ батасын бергенімен, ішінде үрейі болғанын жасырмапты.
[:]