АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ақшаның аздығын ақылдың аздығына тіреп қою қисынсыз нәрсе[:]

[:kz]

Қазір алдыңа мақсат қойып, харекет қылу туралы әңгіме трендте.

Содан кейін бе екен, күнкөрісі қиын адамдарға ел-жұрттың көзқарасы да өзгеріп кеткен. 

Қоғамда біреудің бала шағасымен тойып ішер ас пен киер киімге жарымауын өзінің мақсатсыздығынан, надандығынан деп қарайтындар бізде бар екен. 

Мұқтаж кісінің сыртынан «Неге өз өзін бағаламайды, алдына мақсат қоя білсе, ешкімге масыл болмас еді» деген сияқты анализ жасауға құқықты бізге кім берді екен?!

Мың жерден психологиямен, не ғылыммен дәлелдесе де, ақшаның аздығын ақылдың аздығына тіреп қою қисынсыз нәрсе.

Өйткені, өмірдегі құндылықтар тойып ішіп-жеумен өлшенбейтінін бірде аш, бірде тоқ болған пайғамбарлар өмірінен көруге болады.

Халық ішінде бай мен жарлының болуы қай кезде де қай елде де бар, бола береді де.

Бірақ сондай біреу аш екен не киімге мұқтаж деген хабар жеткенде оған бергеніңнен бұрын ішкі ойың мен шешімің таразыға түседі деп ойлаймын.

Рухани ұстазымның бір сөзі есімде. «Көшеде қол жайған қайыршыға берген 100 теңгеңнен де қымбат нәрсені айтайын ба?! Ол сенің «Ия, Құдай,, сен шексіз байсың, Жарылқаушысың! Мына қол жайып отырған құлыңның несібесін арттыр, көңілін байыт!» деп ол үшін шын ниетіңмен тілей алуың!» дейтін…

 

Гүлжан Қайырбекқызы

Фейсбуктегі парақшасынан

[:]