АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ақтөбеде мектепке хиджабпен келген балалардың ата-аналары қамауға алынды[:]

[:kz]

Ата-аналар хиджаб киіп келген балаларын мектепке кіргізбей қойғаны үшін жанжал шығарған. Кейін олар осы әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бірнеше тәулікке қамалды деп хабарлайды Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сот баспасөз қызметінің мәліметінше, осы уақытқа дейін балаларын мектепке орамалмен жіберген ата-аналарға бірнеше мәрте ескерту жасалып, тіпті, олар айыппұл төлеуге міндеттелген.

«Оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан, бұл еш нәтиже бермей отыр. Ата-аналар балаларын мектепке кіргізбей қойғаны үшін жанжал шығарған. Сол үшін мектеп әкімшілігі полиция шақырған. Осының салдарынан оқушылар мектепке бармай, екінші жылға қалды», — деді баспасөз қызметіндегілер.

Полиция қызметкерлері «Қоғамдық тәртіпті бұзу» бабы бойынша үш ер адамның үстінен хаттама жазды. Дәлірек айтсақ, құқық бұзған екі ата-ана үш тәулікке, тағы бір ата-ана бес тәулікке қамалды.

Дереккөз: Sputniknews.kz

[:]