АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ақтөбеде мемлекеттік қызметкер басшысының өзін қалай таяқтағанын айтып жұртты шошытты[:]

[:kz]

  1. Әйел: Басымды қабырғаға соққан кезде талып қалдым. қазірге дейін емделіп жүрмін.

Ақтөбеде мемл қызметкер басшысының өзін ұрып, есінен тандырып тастағанын айтып шағымданды, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған KYN.KZ

Гүлмира Жидебаеваның сөзінше, оны Ақтөбедегі аумақтық инспекция басшысы орынбасары қорлаған, тіпті денсаулығына зақым келтіріп аяусыз сабаған. Әйел кісі сол  кездегі соққының салдары әлі күнге бар. Басы қабырғаға соғылған кезде талып қалған әйел әлі басын емдетіп жүр екен.

Даудың басы осы қызметте он жыл бойы жұмыс істеген әйелдің сантехниктің жұмысына шағымдануынан шыққан.

 
 

«Ол мені кабинетке жұлқып кіргізіп, өзі соңымнан кірді. Қабырғаға тақап тұрып «Ауызыңды жауып жүр, өлесің» деді. Қысылып кеттім де оның қолынан әрек сытылып шықтым. Дәлізде айқайлап жылап алдым»,– дейді Гүлмира Жидебаева

Мұнан кейін Гүлмира есінен танып қалып, әріптестері жедел жәрдем шақырған. Ол денесіндегі соққының іздерін суретке түсіріп алып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне шағымданған. Артынша басшының орынбасарына қатысты іс қозғалыпты. Алайда ол әрекеттерден ештеңе өзгермеген.

«Бұл әйелдің сөзі көп. Қазір неше түрліні ойдан құрастырып айтасалуы ғажап емес.  Мен оны ұрған жоқпын», – дейді басшының орынбасары.

Тергеу істің мән-жайын жарияламады. Алайда Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктегілер таяуда дауды кім бастағанын анықтауы тиіс.

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік қызметтер саласын бақылау басқармасының басшысы Руслан Мәжитовтің сөзінше, тергеу шараларының барысында инспекцияның қызметкерлерінен жауап алынған. Ондағылардың бірнешеуі Орынбаевтың дөрекілік танытқанын айтыпты. Алдағы уақытта шенеуніктің өзін ұстауына қатысты бір қарар қабылданатыны да айтылды.

kyn.kz

[:]