АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ақтөбеде зейнетақысын алған шалдар жеңіл жүрісті қыздарды іздеп вокзалға келетін болған [:]

[:kz]

Ақтөбедегі вокзал маңында жезөкшелер азаймаған. Жеңіл жүрісті қыздарды іздеп келушілердің қатарында 70 жастан асқан қариялар да бар болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Вокзал маңында пәтерді сағатына жалға беретіндер тәнін сатқан қыздарды кімдердің іздеп келетінін айтып берді.

«Мен осы жерде 10 жылдан аса жүрмін. Бұл жерде өзін саудалап жүрген қыз жеткілікті. Оларды іздеп жас жігіттер көп келеді. Жап-жас жігіттерге қарап ішің удай ашиды. Жігітті қойшы, қалтың-құлтың еткен шалдар келеді. Зейнетақыларын алғаннан кейін жас қыздарды іздеп жүреді. Арасында 60-тың айналасы мен 70-тен асқандары да бар. Немере, шөбере өсіріп отыратын ақсақалсымақтар зейнетақысын алғаннан кейін «қыздар бар ма?» деп сыбырлап жүреді», — дейді Зияда есімді пәтер саудалаушы.

Кейіпкердің сөзінше, жеңіл жүрісті қыздарды іздеп келетіндердің барлығы қазақтың қариялары.

«Вокзалдың қасында жезөкшелер жоқ емес. Тәнін саудалап жүргендердің де небірі болады. Солардың соңында аяғын сүйреп басқан шалдар жүреді. Сізге айтайын, вокзал жанында тәнін саудалаушылар, қыз іздеп келетін жас жігіттер мен шалдардың арасында бір орыс не өзге ұлт өкілі жоқ. Өзіміздің қазекеңдер», — дейді ол.

[:]