[:kz]
Ақтөбеде он жылдан аса асабалық қызметте жерген намазхан жігіт жарнамасымен айды аспанға бір-ақ шығарды. nstagram парақшасына «Шариғат, сүннет бойынша екінші әйел алған жігіттердің тойын тегін жүргізіп беремін» деген жазба қалдырған. Осыған байланысты KAZ.NUR.KZ тілшісі асабаның өзімен байланысқа шығып, пікірін білді.
Қазір қаншама қыз-келіншектер бұзылып кетіп жатыр. Жазылған сөздер рас. Бір жағынан сауап болар еді. Екінші жағынан жігіттерге жігер беру және өтімді жарнама. Қалай айтсам да, жақсылық жағы көп.
Әйел адамдар ауыр қабылдауы мүмкін.
Пайғамбарымыздың жұбайы Айша анамыз да қызғанған. Кезінде Хауа анамыз да сапардан келген Адам атаның қабырғасын санап «тағы бір әйел жаратылмады ма?» деп қызғанады екен. Әйел адамның қызғанышы жаратылғаннан бар.
Қазіргі заманда көп әйел алуды ата-анаң, әйеліңнің туыстары, айналаңдағы жақындар түсінбейді. Бұл қиыншылықтарды да жеңуге болады. Ол үшін білім алу керек», — дейді асаба жігіт.
Ерлан — Ақтөбегі халал тойларды жүргізіп жүрген асабалардың бірі. Айтуынша, әзірге бәйбішемен қатар екінші әйел алғандардың тойын жүргізіп көрмеген.
Екінші әйел алуды жарнамалаған жігіт өзінде әзірге бір әйелі ғана барын айтты.
«Менікі рұқсат беріп тұр. Шариғат бойынша әйелден рұқсат сұрамайды. Оларға тек ескертесің де, өзің жаймен ала бересің және жағдайын жасайсың.
Қызғаныш, айқай шу болады. Оған шыдау үшін білімің, ақылың, жағдайың жетіп, жүйкең шыдау керек. Бұл жағдайды көтеруге менде әзірге білім жетпейді деп ойлаймын.
Негізі Алла тәуекел еткенді жақсы көреді. Рұқсат беріп тұрғаннан кейін алсаң, арты берекет болады деп ойлаймын.
Көп әйелді тек нәпсің үшін алуға болмайды. Нәпсің тоймайды. Екі, үш, төрт… Соңында бәрінен айрылып қалуың мүмкін», — дейді Ерлан Отарбай.
[:]