АЛТЫНОРДА
Қоғам

[:kz]Ақтөбелік сынықшы: Димаштың анасы мені менсінбеп еді аяғы шығып алдыма келді, кешірім сұрады[:]

[:kz]

 

Ақтөбелік сынықшы Бағдагүл Лепесова мыңдаған адамдарды қабылдап ем жүргізіп жүр. Қарапайым халықтан бөлек, танымал өнер өкілдері мен әкім қаралар оның қызметіне жүгінген. Емші қызықты жайттарды әңгімелеп берді. 

Бұл туралы Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Сынықшы Бағдагүл Лепесова бала күнінен сынықшылық қабілеті байқалғанын айтады. Өзіне ауыл-аймақ адамдары көп келетін көрінеді. Тіпті онлайн ем жүргізе береді. 

Мереуерт Түсіпбаева мен Жүрсін Ерман мойнын омыртқасындағы жарығын Бағдагүл сынықшыға емдетіп, тәуір болыпты. Иығын жарып алған Ерке Есмахан да сынықшының емін алыпты. Қалқаман Сарин қолының ауыратын жерін емшіге көрсеткен. 17 жыл бөпелі бола амай жүрген әнші Наркенже Серікбаева сынықшының батасынан кейін сәби сүйіпті. 

“Димаштың анасы Светлана Айтбаеваға мен туралы айтқанда, басқаларын емдей берсін деген екен. Сол күні аяғын шығарып алдыма келді. Кешірім сұрап, аяғын салғызды. Әкімнің орынбасары келді. Оны әкім болғаны үшін емес, науқас болған соң емдедім. Науқастың бәріне бірдей қараймын. Бөліп жармаймын. Әкім болғаныңыз үшін емес, ауырып жатқаныңыз үшін келдім дедім. Ол дереу костюмін шешіп, жай киімін киді”, – дейді ол. 

Айтуынша, атасы сынықшы болған. Бұл қасиет өзіне дарып, бала күнінен сынықшы атанған. 

“4 жасымда аяғы сынған лақтың аяғын салып бердім. Содан бастап сынықшылығымды әкем байқады. Атам сынықшы болған. Сол кісінің қасиеті қонған-ау деп ойлады. Мен біреудің қолы шығып кеткенін біліп тұрамын. Соны салып бергім келіп тұрады. Бала күнімде бір жері сынып ауырған адамның үйін жағалап кететінмін. Анам ұрсып үйге қамап қоятын. Солай емшілігім басталды. Шашым жайылып, көшеде жүргенде мені ауру қыз деп ешкім менсінбейтін. Қазір ем алушылар көп”, – дейді емші.

[:]