АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz] Ақтөбелік ветеринарлар өңірдегі қаңғыбас иттер проблемасын шешу үшін 300 млн теңге қаржы кететінін айтты[:]

[:kz]

 

Ақтөбеде қаңғыбас ит дауы басылар емес.

Мамандар адамға шауып жатқан жануарлардың аш екенін айтады. Ветеринарлардың сөзінше, бір итті 15 күн бағып, залалсыздандыру үшін 15 мың теңгеге жуық ақша жұмсалады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

«Қаңғыбас иттерді ұстау, тасымалдау, залалсыздандыру, чип салу үшін қалған бес айға 140 млн теңге сұрап отырмыз. Жылына 300 млн теңге керек. Жұмыс сапалы болса, қажет қаржы азаяды. Себебі итті ұстағанда залалсыздандырамыз. Ұрғашы итті 15 күн ұстаймыз. Ветеринарлық тексеруден өткізіп, стерильдеп, сырғасын салып жібереміз. Аудандар бойынша бір итке 14 100 теңге, қала бойынша 14 800 теңге жұмсалады», — деді Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасының басшысы Құсайын Сәрсенбай.

Оның айтуынша, осыған дейін облыста жылына 17-18 мың ит атылған. Қазір болжам бойынша өңірде әлі 10 мыңдай ит бар. Жоспарға сәйкес олар 2-3 жылда толық залалсыздандырылады. Стерильдегеннен кейін иттер көбеймейді. Яғни табиғи азаю процесі жүреді деген болжам бар. Ветеринарлар қаладағы қаңғыбас иттерді полициямен бірлесіп аулап жүргендерін айтты. «Заңда үш иттен көп топтасып жүрсе, қауіпті деп жазылған. Залалсыздандырған кезде қауіпті болмауы мүмкін. Бірақ адам өміріне қауіпті болмайды деп айта алмаймын. Себебі балаға, адамға аш болған соң жүгіреді.

Олардың бәрі аш, тамақ ішкісі келеді. Сол себептен осындай жағдайға тап боламыз. Ақтөбеде қаңғыбас иттердің көбі құрылыс алаңында жүреді. Ең көп ауланған жерлер құрылыс жүріп жатқан Есет батыр тұрғын алабы, Батыс-2 шағын ауданы . Құрылыс жеке меншік аумақ болған соң кейде кіре алмаймыз. Ол да кедергі. Қайғылы жағдайдан кейін құрылыс алаңдарына полициямен бірге барып, аралап жүрміз», — деді Құсайын Сәрсенбай.

 

kaz.nur.kz

 

[:]