АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Ақырзаман жақындады»: Отандық миллионер жас қыздардың әдепсіз әрекетіне ашынды[:]

[:kz]

Қазақстандық кәсіпкер Қайрат Құдайберген Алматыдағы кофе ішетін жерлердің біріндегі жас қыздардың іс-әрекетіне ашынды. Миллионердің сөзінше, бойжеткендер үздіксіз балағат сөздер айтып, темекі шегіп, түкіре берген деп хабарлайдыKAZ.NUR.KZ.

 

Кәсіпкер Instagram парақшасына жазба қалдырып, ашу-ызасын білдірді. «Менің кешкілік ләззатымды көрші үстел басында отырған төрт бойжеткен бұзды.

Олардың жасы 18-20 шамасында еді. Алайда «А-ха-ха, еб… в рот! Да на х… это надо!» және өзге де қылмыстық іске қатысы бар адамдарша сөйлеген сөздері құлағымды сасытты.

Кештің шырқы тек мен үшін бұзылған жоқ. Көрші үстелдің басында балалары бар адамдар отырды, алайда бәрі әдепсіздік танытпау үшін үндемеді», — деп әңгімеледі Құдайберген.

«Айналаңдағыларды құрметтеп, өзіңді көпшілік орында дұрыс ұстау сонша қиын ба? Әсіресе, мұны қарапайым әдепті сақтаудың орнына күлсауытқа түкіріп, балағат сөздер жаудыратын жас қыздарға, болашақ аналарға айту керектігі қынжылтады.

Ақырзаман жақындаған секілді…» — деп ашынды миллионер.

  

[:]