АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«АЛАҚАЙ» деп айта алмаса әдірәм қалсын!»: Ринат Зайытов аяқасты Димашты мақтай жөнелді (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Сын садағын жерге түсіріп, аяқасты әншіні мақтай жөнелген ақынның бұл әрекетіне желі қолданушылары аң-таң.

Кезінде әнші Димаш Құдайбергенді сынаған айтыскер ақын Ринат Зайытов әлемді мойындатқан өнер иесіне деген ой-пікірін өзгерте қалғанға ұқсайды. Себебі, жүрген жерінде айтып қалатын, әр сөзі ел құлағына дереу жететін ақын бұрын-соңды сынап жүрген әншісін жыр жолдарымен жер-көкке көтеріп мақтай жөнелді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.

Сын садағын жерге түсіріп, аяқасты әншіні мақтай жөнелген ақынның бұл әрекетіне желі қолданушылары аң-таң.

«Осы жазбадан кейін мен жайлы әңгімелер қалай өрбитінін жақсы білемін! Бірақ, әрбір әрекет өзінің шынайы бағасын алу керек! Бұл — менің ұстанымым. Ендеше, Димаш қаптаған қара қытайға жем болады-ау деп айқайлаған ауызымыз, АҚШ-тың төрінен домбыраны көргенде «АЛАҚАЙ» деп айта алмаса әдірәм қалсын! Димаш тарихи ерлік жасады. Бұл — Ақиқат. Жарайсың! Ұзағынан болғай!
Даламның сыр шерткендей өткенінен,
Жеткізіп «шіркін-айын» «әттеңімен»,
Домбыраны биікке көтергендер
Тарихтың түспеу керек қақ төрінен!!!», — деп жазды Ринат Зайытов инстаграм парақшасында.

Байқасаңыздар, сөзінің астарында бұрынғы айтқан сөзіне өкінгендігі байқалған ақынның бұл жазбасына оқырмандары толассыз пікір білдірді.

 

[:]