[:kz]
Алакөл мен Түркияның сервисін салыстыратын қонақтар шаршатты. Айналайындар-ау, бізде орталық канализация да жоқ. Свет сағат сайын өшеді. Свет өшкен сайын техника жаңады, тамақ уақыты кешіктіріліп беріледі. Осының бәрі сервиске әсер етеді.
Свет өшсе су жоқ. Су насоспен істейді. Генераторға екі күн сайын 200 литр дизель сатып алып отырмыз.
Септик ол бір проблема. Ассенизаторыңыздың бір рейсі — 15.000 тг (15 куб), күніне 10 рейс шығады.
Салыстырып жүрген Түркияңызда субсидия, инфраструктура бар. 40% азық-түлік пен сусынның ашқасын мемлекет қайтарып береді. Осындай жеңілдіктер көп.
Бізде ше? Қашан дұрыс инфраструктура болады? Қашан мемлекет көмектеседі? Қашан ес жиямыз? Уақыт келген шығар.
[:]