АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Аластайтын кісілерге апарамын»: Ержан Максимнің анасы ұлы қалай ауыратынын айтып берді[:]

[:kz]

Ержан Максимнің анасы ұлы қалай ауыратынын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қарақатпен шай» бағдарламасына сілтеме жасап. 

Сахнаға көп шығатын Ержан Максим үнемі халықтың назарында. Жұртты дауысымен тамсандырған жас өнерпазға сұқтана қарап, таңқалатындар көп. Кейде әншіге көз өтіп, тіл тиіп қалатын көрінеді. Ержан Максим сондай жағдайлардың бірін есіне алды. 

«Оралда тойда жүргенде маған көз тиіп қалған. Өйткені мейрамханада құлап қалғанмын. Бұл оқиға ән айтып тұрған кезде болған еді. Сосын мені бір емші апаға апарды. Көз тиген дегенде, әкем «Енді не істейміз, өлең айтуды тоқтатсақ па екен, концерттерге қатыстырмай-ақ қойсақ па?»  деп сұрағаны есімде. Сонда «Жоқ, бұл баланы ұстап тұра алмайсың. Ол тек алдыға кетеді» деген еді апа», — дейді Ержан Максим. 

Бұл жайлы Ержан Максимнің анасы Гүлмира Әлібек те айтуды жөн көрді. Ондай жағдайда жас әншіні бірден аластайтын үлкен кісілерге апарып емдетеді екен.

«Әрине тіл-көзден қорқамыз. Бірінші Аллаға сенеміз. Балаға тіл тиіп, көз өткен кезде көзінің асты көгеріп, жағдайы нашарлап кететін кездері болады. Бірден сезіп, аластайтын, дем салатын үлкен кісілерге апарамыз», — дейді Гүлмира Әлібек.

 Stan.kz

[:]