[:kz]
ҚАЙДА ОҚУҒА ТҮСПЕКСІҢДЕР?..
Мына ойым көпшілікке ұнамауы мүмкін, бірақ солай болатын сияқты. Мысалы қазір көбіне орыс балалары мектеп бітірген соң Ресейге барып оқиды, сол жаққа көшіп кетеді ғой көбісі. Енді олардың демократиялық таңдаулары.
Тура сол сияқты қалада тұратын қазақ балалары да болашақта мектеп бітірген соң, көбісі бірден басқа жаққа көшіп кететін сияқты.
Мен жұмыс істейтін БЦ-да ағылшын тілін тереңдетіп оқып жүрген қазақ балалары өте көп. Көбісі 9-10 сынып оқитын оқушылар. «Қайда оқуға түспексіңдер» деп арасында сұрап қоямын. Бәрі Англия, Франция, АҚШ-тың университеттерін айтады.
КазГУ, Гумилев, Назарбаев университетін ешкім айтпайды. Оларда университеттің аты маңызды болған кеңестік ойлау жоқ.
Қала жастарының көзқарасы басқа. Олар «әлем адамы» түсінігімен өмір сүретін сыңайлы. Болашақта қай ел өмір сүруге қолайлы, сол жаққа көшіп кетеді. Жаһандануды толық сезініп жатыр. Тіл білсе барлық шекара ашылатынын түсініп отыр.
Алдағы 5-10 жылда қаладағы қазақтың балалары мектепті Қазақстанда бітіріп, біразы Еуропа, АҚШ-қа кетіп қалады. Ащы болса да шындық осы.
Ал ауыл балаларында бұл процесс әлі болмайтын сыңайлы, себебі тіл үйрету курстары жоқ.
Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан
[:]