АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Александр Лукашенко: Мен оңайшылықпен кетпеймін [:]

[:kz]

 

Беларусь президенті Александр Лукашенко 8 қыркүйек күні ресейлік БАҚ өкілдеріне ауқымды сұхбат берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

Ел президентімен сұхбат Минскі қаласындағы Тәуелсіздік сарайында ұйымдастырылған.

Беларусь басшысының сұхбатына халықаралық Russia Today телеарнасының бас редакторы Маргарита Симоньян, «Первый канал» тілшісі Антон Верницкий және «Россия 1» телеарнасындағы «Вести» бағдарламасының жүргізушісі Евгений Рожков, сондай-ақ, «Говорит Москва» радиобекетінің бас редакторы Роман Бабаян қатысқан. Журналистермен тілдесу барысында Александр Лукашенко мемлекет басшысы қызметінде ұзақ уақыт отырғанын мойындады.

«Иә, мүмкін мен көбірек отырған шығармын. Мүмкін мені тек теледидардан емес, үтік пен шәйнектерден де көрсететін шығар»,- деп келтіреді оның сөзін Life. Сондай-ақ, Лукашенко қазір Беларусьті тек өзі ғана қорғай алатынын тілге тиек етті. «Мен оңайшылықпен кетпеймін.

Мен Беларусьті ширек ғасыр бойы құрдым. Енді барлығын жайдан-жай тастай алмаймын. Одан бөлек, мен кетсем, менің жақтастарыма күн көрсетпейді. Біз Конституция реформасын өткізуге дайынбыз, осыдан кейін мерзімінен бұрын президенттік сайлауды жоққа шығармаймын», — дейді Лукашенко «Говорит Москва» радиостанцияның бас редакторы Роман Бабаянға.

Айта кетейік, осыған дейін Лукашенко ел алдында қарумен бой көрсеткен еді. Кейіннен БАҚ өкілдері Беларусь президентінің ұшағы Швейцарияда көзге түскенін хабарлады. 

 

[:]