[:kz]
Танымал ресейлік актер Александр Цекало жаңа әйелімен алғаш рет ел алдына шықты. Айта кетерлігі, жұлдыздың жүрегін жаулаған ару Қазақстан тумасы болып шыққан деп жазады «Комсомольская правдаға» сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Фото: vokrug.tv
Желіде салтанатты іс-шараға бірге келген Александр Цекало мен Дарина Эрвиннің суреттері тарап кетті.
Бұл — жас жұбайлардың ел алдына алғаш рет бірге шығуы. Анықталғандай, олар аталмыш шараға бал айынан соң келген.
БАҚ өкілдері ерлі-зайыптыларды суретке түсіріп, ғаламтор кеңістігіне жүктеп жіберген. Қос ғашық камера алдында бір-біріне деген сезімдерін жасырмаған.
Фото: vokrug.tv
Айта кетейік, Александр Цекало өз жұбайы әрі әйгілі Вера Брежневаның сіңлісі Викториямен ажырасып кеткен. Басқа аруға ессіз ғашық болған ол отбасын тастап кетті.
[:]