АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда қымбат нөмірлі Camry көлігінен тапанша мен қыруар ақша табылды (фото)[:]

[:kz]

Алматыда жол ережесін бұзған жүргізушінің көлігінен тапанша мен қомақты қаражат табылды деп хабарлайды қалалық полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

фото: Алматы қаласының полиция департаменті

фото: Алматы қаласының полиция департаменті

 

Toyota Camry маркалы жеңіл көлігінің алдыңғы терезелері толықтай қараңғыланған. Тексеру барысында жүргізушінің бірде-бір құжаты болмағаны анықталды.

«Жүргізушінің көлік жүргізуге арналған құжаты болған жоқ және ол өзіне тиесілі емес транспорты басқарған. Инспекторлар шұғыл қызмет көліктеріне арналған арнайы жарық және дыбыс сигналдары орнатылған құрылғыларды байқады.

Сол уақытта жол ережесін бұзушы өте қатты қобалжып, уақыт өте келе біреумен телефон арқылы сөйлесті», — деп хабарлады әкімшілік полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны өкілдері. 

фото: Алматы қаласының полиция департаменті

фото: Алматы қаласының полиция департаменті

 

Полиция қызметкерлері жүксалғышты ашуды өтінген уақытта жүргізушінің бұйрықты орындағысы келмегенін айтты.

Toyota маркалы транспортынан «Байкал» травмат тапаншасы мен оның оқтары бар жеке қорап, басқа көлікке тіркелген екі жұп мемлекеттік нөмір, бір рация, номиналы 100 АҚШ доллары бар валюта қораптары табылды.

фото: Алматы қаласының полиция департаменті

 

«Бұл заттардың қайдан келгенін және кімге тиесілі екенін айта алмаған жүргізуші көлік өзінікі еместігін жеткізді.

Оқиға орнына келген транспорт қожайыны көліктің жүксалғышынан табылған заттардың өзіне қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Кейінірек көлік есептен алынғанымен, тиісті түрде тіркелмегені анықталды.

Әкімшілік құқық бұзушылықтан бөлек, жүргізушіге қатысты қылмыстық кодекстің 287 бабы («Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») бойынша заң бұзушылық анықталды», — деді полиция департаментінің өкілдері. 

фото: Алматы қаласының полиция департаменті

фото: Алматы қаласының полиция департаменті

 

Toyota Camry жүргізушісі мен көлік қожайыны үстінен әкімшілік хаттама толтырылды.

Жеңіл көлік айыппұл тұрағына қойылды.

Ұсталғандар Медеу аудандық полиция басқармасына оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жеткізілді. 

фото: Алматы қаласының полиция департаменті

фото: Алматы қаласының полиция департаменті

[:]