АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Алексей Цой дәрігерлерді қазақ тілінде құттықтады[:]

[:kz]

 

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой әріптестерін медицина қызметкерлері күнімен құттықтап, қазақ тілінде сөйледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алексей Цойдың құттықтауы «Қазақстан» телеарнасының эфирінде жарияланды. Құттықтаудың үзіндісін Цой өзінің Instagram парақшасында жариялады.

 

Министр медицина қызметкерлеріне олардың еңбегі үшін алғысын білдірді, сондай-ақ оларға және олардың отбасыларына денсаулық пен амандық тіледі.

“Құрметті әріптестер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Әр жеңістің артында біздің барлық қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің мамандығына шексіз берілген орасан еңбегі тұр. 
Құрметті әріптестер, сіздердің отбасыларыңызға зор денсаулық, мамандық тілеймін!”, – деді ол өз сөзінде.

Министр орыс тіліндегі құттықтауды өзінің Facebook парақшасында жариялады.


Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда 260 мыңға жуық медицина маманы, оның ішінде 75 мыңнан астам дәрігер, 185 мың орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Күн сайын елімізде 2 мыңнан астам операция жасалады, мыңнан астам бала туады, 18 мыңға жуық жедел медициналық жәрдем шақырулары қабылданады.

 

 

[:]