АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алғашқы сұхбат: Абай Бегейдің әйелі әншімен қалай қосылғанын айтып берді[:]

[:kz]

Абай Бегейдің екінші әйелі Фариза алғаш рет журналистерге сұхбат беріп, сүйіктісі екеуінің махаббат хикаясын басынан баяндап берді. Әншінің жары онымен қалай танысқаны мен қыздарымен қарым-қатынасы жайлы жан сырын ақтарды деп жазады «Бір сұрақ» бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 
 

Өнер иесінің әйелі оған тұрмысқа шығу шешіміне ата-анасы түбегейлі қарсы болғанын жасырмады.

«Тақсырмен біз менің ең жақын құрбым Гүлдананың тойында таныстық. Басында ондай ешқандай әңгіме болған жоқ. Кейін араласа келе, ол кісінің қарапайымдылығына, кішіпейілділігіне қызықтым.

Тақсыр деймін, бірақ бұл менің қалауым. Өзі осылай айт деп сұраған жоқ. Құрмет ретінде, жақсы көретінім үшін тақсыр деп атаймын.Таныстығымыздың ертесіне Айнұр деген досы маған оның деген ниеті бар екенін айтты.

Ойының шынайылығына көзім жеткен соң, үш-төрт кездесуден кейін өзім ойланып әке-шешеме айттым. Негізі әкем де, анам да басында қарсы болды.

Әкем «төрт баласы бар ер адамда не шаруаң бар» деді. Анам шок болдыОл кісі мүлде мені балалары бар адамға тұрмысқа шығады деп ойламады.

Мен ата-анама «қабылдаған шешімім осы, мені қолдауларыңызды сұраймын» деп айттым. Танысты, сөйлесті. Кейін разылығын берді» , — деді Фариза.

Бүгінде Абай Бегейдің перзенттеріне қамқор болып отырған Фариза әншіге Мүслім есімді ұл сыйлаған.

Айта кетейік, бұған дейін Абай Бегейдің үйлену тойын қыздарынан жасырып қалғанын жазған болатынбыз.

 
  

[:]