[:kz]
Отандық эстрада жұлдызы Сиви Махмуди желіде қайтыс болған Жанар Хамитоваға қатысты арнайы жазба арнады. Ол әншінің жақындарына қайғыра көңіл айтып, марқұммен бірге өткізген күндерін еске алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Фото: Instagram/sivi_makhmudi. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
«Бала болып келіп, бала болып кеттің. Аз уақытта бауырыма басып қалған едім. Неге бұлай болды? Жүрегім қарыс айырылды. Әлі де сене алар емеспін. Жаның жәннәтта болсын алтыным! Ата-анаңа қайғырып көңіл айтамын! Сен мәңгі менің кішкентай жап-жарық жұлдызымсың! Бақұл бол! Алла алдыңнан жарылқап мейіріміне бөлесінші» , — деп жазды әнші.
Айта кетейік, бүгін Жанар Хамитованың көз жұмғаны хабарланды.
Қаралы хабарды жұлдызбен бірнеше мәрте дуэт айтқан Әбубәкір есімді әнші жігіт жеткізді.
[:]