АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Әлімбекова: Мен шынымен де, бостандықта жүрмейтіндей қоғамға қауіпті адам ба едім?[:]

[:kz]

Алаяқтық бабы бойынша үстінен іс қозғалған әнші  Әлімбекова сот шешімі күшіне енгенге дейін қолхатпен бостандыққа шықты. Бұл жайтқа сазгердің жақындарынан бөлек, күллі қазақ елі қуанды. Алайда, оның үстінен арыз жазып, темір торға қамалуын қалаған әйел оның бостандықта жүргеніне наразылық танытады екен. Бұл туралы әнші өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz

Әлімбекова жазбасында Керімбекованы құттықтап тойына барғаны үшін де сыналғанын айтты. Сазгердің үстінен тойға барып, әріптесінің қуанышына ортақ болғаны үшін арыз түскен екен.

“Міне, өмір деген ақ пен қарадан тұратыны секілді, жүрегім езіліп, көзімнің ащы жасы басылмай, жаным жабырқап, осы жағдайдан соң біраз есеңгіреп қалған едім… Бірақ, жығылғанға жұдырық болып, сансыратып кек алсам деп, содан ләззат алатын Б әпке біріншіден Алла, екіншіден, xалықтың дұғасы мен маxаббатының арқасында тар қапастан босатқандағы қуанышымызды су сепкендей басты. “Неге ерте шықты?” деп арызданғанда, мұндай сезімге ерік беріп, басқаның қуанышын, ырыс-бағын көтере алмайтын адамға не айтуға болатынын білмей, үндемей қоя салған едім…

Кейінгі мәселе: менің басыма осындай қиын жағдай түскенде, қолдауларын білдіріп, жанымнан табылған Ақботаның қуанышына ортақтасып, xалықтың алдына шығып, барғаным үшін де кінәлі болып, “тойға барды” деп, тағы да арызданғаны ақылға сыймайды. Бұл өмір не болып бара жатыр?! Мен шынымен де, бостандықта жүрмейтіндей қоғамға қауіпті адам ба едім?! Менің де халықпен сағынысып, қауышуға хақым бар шығар?!… Қалай десек те, халық – көреген. Халық – дана. Халық ақ пен қараны жақсы ажырата біледі. Бұл жағынан қателеспейді”, — дейді әнші.

Әлімбекова жан-дүниесіндегі сырымен бөлісіп, халыққа басынан өткенін жасырмай айтып беруді жөн көріпті. Желі қолданушылары бірауыздан әншіше сабырлық пен күш-қуат тіледі.

 

Источник: Stan.kz

[:]