АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Алимент» дегенді тек әкелерге ғана емес, әйелдерге де жүктеу керек[:]

[:kz]

Соңғы жылдардағы статистикаға сүйенсек, ажырасу деген өте көп.
Мұның себебін зерттеп жүргеніме де біраз болды.
Бұрын ер азаматтар отбасын тастап кететін болса, қазір төрт-бес баласын тастап әйелдер кетуде. Ананың бойындағы мейірім, аналық сезім, махаббат, «отбасы» деген ұғым жоғалса, онда біз кім болғанымыз?!!
Меніңше, бізге қатаң заң керек! «Неке» туралы заңға өзгертулер еңгізу қажет!
Бір отбасын ажырата салмас бұрын, оның себеп-салдарын іздеп, жөнсіз ажырасып, өздерін ғана емес, балаларының да өмірін ойран еткен жанұяларға қатаң жаза қолдану керек!
Кейбір әйелдер тіптен бір бала тауып алсам болды, кейін ажырасып, алиментпен де өмір сүре берем деген ұстанымға көшкен. «Алимент» дегенді тек әкелерге ғана емес, отбасын, балаларын тастап кеткен аналарға да жүктеп, баланы әкемен де қалдыру жағын қарастырған жөн.
Соңғы кездері небір «айтқыштар» қоғам алдына шығып, әсіресе әйелдер қауымына «Алдымен өзіңді ойла! Сен де ер азамат сияқты бір тұлғасың, өзіңді бағалата біл! -деген сыңайлы «ақыл» көп айтып кетіп еді. Осындай ақылдың соңына түскен
кейбір «санасыз» жандар өздерін биіктетіп, отбасын құрбандыққа шала бастады.
Кімнің қай жолды таңдап, қалай өмір сүретіні -өз еркінде ғой, дегенмен, қандай жағдай болмасын «отбасы» деген ұлы ұғымның қадірін қашытпай, «ажырасу » дегеннің алдын алып, қазірден бірге күресейікші, ағайын!
Әйтпесе, жағдайымыз мүшкіл…

facebook.com парақшасынан 

[:]