АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматы әкімшілігі «Жолақ» камераларын орнатуға 104 миллион жұмсағаны белгілі болды[:]

[:kz]

 

 

Оңтүстік астананың 50 автобусы мен троллейбусына «Жолақ» камералар жүйесін орнату үшін әкімшілік қала бюджетінен 104 миллион теңге жұмсаған. Бұл туралы Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Камералар ЖЖЕ бұзғандарды тіркеуге арналған. Олар өткен айдың 15-нен бері ресми түрде іске қосылды.

 

Бұл құрылғылар жол жолағын бұзып, қоғамдық көлікке арналған жолаққа өту немесе дұрыс тоқтамағандарды тіркейді.

Сонымен қатар камералар қоғамдық көлік жүргізушілерінің тәртіп бұзушылығын жазып отырады.

«Жолақ» камералар жүйесін енгізуге қала бюджетінен 104 миллион теңге жұмсалған.

Еске сала кетейік, Алматыдағы «Жолақ» ң қалай жұмыс істейтінін жазған болатынбыз.

kaz.nur.kz

 

 

[:]