[:kz]
Бұл туралы брифингте Алматы қаласы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасимова мәлім етті.
Алматылық санитарлық дәрігерлер Көк базардан алынған сүт өнімінен қауіпті бактерия тапты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы брифингте Алматы қаласы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасимова мәлім етті. Ол мамандардың желіде сүтке әлдене араластырып отырған әйелдің видеосы тарағаннан кейін сүтті жасырын сатып алғанын айтты.
«Біз бұл сүтті сол қатардан сатып алдық және онда жалпы микроб мөлшерінен асып кеткенін анықтадық, соматикалық жасушалардың құрамы, стафилокк табылды. Яғни бұл өнім мүлдем ластанған. Біз өнімді тәркілеп, сатушыларға әкімшілік жаза қолдандық», — деді Айзат Молдағасимова.
Оның айтуынша, алты нысанның 18 фастфуд сынамасы сатып алынған. Сапа стандарттарына төрт нысандағы сегіз сынама сәйкес келмеген.
[:]