АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматы облысы көршісіне жер берді[:]

[:kz]

Жамбыл және Алматы облыстарының шекара аумағы өзгерді. ҚР премьер министрі Асқар Мамин Алматы облысының шекара аумағы өзгеруіне қатысты бұйрыққа қол қойды. Жалпы аумағы 1090 гектардан астам жер Жамбыл облысына берілетін болады. 
«Алматы облысы мен Жамбыл облысының шекараларын Алматы облысы Жамбыл ауданының бір бөлігін Жамбыл облысының Қордай ауданының шекарасына осы аумаққа 1 091,78 гектар жерді қосып, осы қаулыға  сәйкес өзгертілсін,» — делінген электронды үкімет сайтында жарияланған құжатта. 
Қазіргі таңда Жамбыл облысының аумағы 144 264 мың шаршы шақырым. Аталған өзгертулерден кейін облыс аумағы 145 355 мың шаршы шақырымға ұлғаятын болады.

[:]