[:kz]
Алматы облысы Белбұлақ ауылдық округінің әкімі Нұрбол Досымбаев Наурыз мерекесінде ұлттық ойындарға халықпен бірге қатысып, көпшіліктің ықыласына бөленді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Мәселен, ол өзінің туған ауылы Талдыбұлақта өткен Наурыз мерекесінде қол күрестіріп, салмағы 40 келі қойды 50 рет көтерген. Бұл сәттің видеосын Талғар әкімдігі ресми Instagram парақшасында жариялады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Видеоны көрген желі қолданушылары ауылдық округ әкімінің әрекетіне риза болып, түрлі пікірлерін жазған. «Жарайсыз, әкім мырза! Қарапайым халықпен бірге осындай қарапайым болып қала беріңіз», «Ұлық болсаң кішік бол деген осы», «Әкім деген осылай болу керек қой халықпен араласып, сонда халқына жақын болады», — деп жазды олар. Айта керейік, 34 жастағы Нұрбол Досымбаевты Белбұлақ ауылдық округінің әкімі етіп халық сайлаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram-дағы Talgarnewskz парақшасының мәліметінше, осы мерекеде Талдыбұлақ ауылының 12 жастағы тұрғыны Досжан Қалинұр 30 келі тартатын малды желкесіне салып 115 рет көтерген.
[:]