АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматы облысында итті көлікке байлап, жол бойымен сүйреген(видео)[:]

[:kz]

 

 

 

Әлеуметтік желілерде көлікке байланған итті жол бойымен сүйреп бара жатқаны түсірілген видео тарап жатыр. Қолданушылар жүргізушінің қатыгез әрекетіне наразылық білдірді,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желі қолданушыларының сөзінше оқиға Алматы облысы Есік қаласында болған. Аймақ тұрғындары ер адамның қатігез әрекетін қатаң сынға алды. Олар видеодағы көліктің артына өлі ит сүйреген жүргізушінің мінез-құлқына наразылық білдірді. Оны қатаң жауапкершілікке тартуды талап етті.

 

«Осындайларды барынша жазалау қажет. Жануарларды қорғау туралы заңды күшейту керек», — делінген пікірлердің бірінде.

Әлеуметтік желілерде резонанс тудырған видеоға қатысты полицияда түсініктеме берді. Тәртіп сақшылары жүргізушінің ұсталғанын хабарлады. Олар материалды зерттеп жатқанын  және күдіктінің іс-әрекетін саралауға асықпайтынын мәлімдеді.

Полиция мәліметінше, Audi жүргізушісі Еңбекшіқазақ ауданының 65 жастағы тұрғыны болып шықты.

«Жүргізуші анықталды. Және осы факт бойынша міндетті тексеру шаралары жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша оның іс-әрекетіне заңды баға беріледі», — деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде. 

Бұл ретте күдіктіге Қазақстан қылмыстық заңының 316-бабы (Жануарларға қатыгездік) бойынша ірі көлемде айыппұл, түзеу жұмыстары немесе елу тәулікке қамауға алу жазасы қаупі төніп тұр.

 

[:]