АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматы облысында Қонаевқа арналған атышулы ескерткіштің құрылысы тоқтады[:]

[:kz]

Алматы облысының мәдениет басқармасы Қазақ КСР Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевқа ескерткіш орнату тоқтатылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Анықталғандай, ескерткіш рұқсат құжаттарынсыз орнатыла бастаған. Енді авторлар жобаны комиссия алдында қайта қорғауы керек.

«2020 жылдың 15 қазанында Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Д.А. Қонаевтың ескерткішін орнату жөніндегі барлық тиісті құжаттар тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі облыстық комиссиямен қаралып, мақұлданды. Содан кейін барлық тиісті құжаттар Нұр-сұлтан қаласына монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату жөніндегі Қазақстанның мемлекеттік комиссиясының қарауына жіберілді.

20 қазанда әлеуметтік желілерден Мемлекеттік комиссияның шешімін күтпей-ақ, Д.Қонаевқа ескерткіш орнатылғаны белгілі болды.

21 қазанда жұмыс тобы құрылды, бұзушылықтарды анықтау үшін Балқаш өңіріне барды. Барлық жауапты тұлғаларды, соның ішінде мүсіншіні жинап, жұмыс тобы ескерткішті орнату бойынша барлық құрылыс жұмыстарын тоқтатты, сондай-ақ ескерткіш бойынша барлық ескертулерді екі апта мерзімде жоюға нұсқау берілді.

Монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату жөніндегі Қазақстанның мемлекеттік комиссиясы  бұл ескерткіштің барлық тиісті құжаттарын қарастырып, мақұлдамады. Өз кезегінде Балқаш ауданының әкімдігі тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі облыстық комиссияның қарауына құжаттар мен эскиздік жобаларды қайтадан ұсынуы тиіс», — деп хабарлады Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.

Еске салайық, жаңа ескерткішті Қазнет қолданушылары сынға алды. Наразылардың арасында қайраткердің туыстары да болды.

 

[:]