АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Алматы облысында оқушылардың жаппай төбелесінен кейін түнде болған оқыс оқиға елдің зәресін ұшырды (видео)[:]

[:kz]

 

Әлеуметтік желіде Алматы облысында түнде болған оқыс жағдайдың видеолары тарауда. Жастар арасындағы жанжал Алматы облысы Панфилов ауданындағы Пенжім ауылында болып жатқандығы айтылуда. Қазіргі уақытта Алматы облыстық Полиция департаменті жағдайдың тұрақталғанын және бақылауда екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Түнде болған оқыс оқиғаның алғашқы видеолары Instagram-дағы angry_taldyk парақшасында пайда болды.

«Күндіз аудандық орталық ауруханаға Пенжім аулынан мектеп жасындағы 16 жасар бала дене жарақатымен келіп түскен», — деп жазады парақша. Желіде тарап кеткен видеоларда Пенжім ауылында болған жанжалдың салдарынан кафенің өртенгені де айтылады. 

Өңірдегі Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын анықтап, мәлімдеме жасады. Ведомствоның хабарлауынша, 27-қазан күні Панфилов аудандық орталық ауруханасына Пенжім ауылындағы мектеп аумағынан 16 жасар жасөспірімнің дене жарақатымен келіп түскен.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Ирина Советжанқызы (@irina_31tv)

Тексеру барысында 9-шы және 10-шы сынып екі оқушының арасында ауызша дау-дамай туып , арты оқушылар арасындағы төбелеске ұласқаны және оның салдарынан жасөспірімнің зардап шеккені белгілі болды. «Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 106-бабының 2-бөлігі негізінде қылмыстық іс тіркелді, жанжалға қатысушылардың барлығы анықталды. Қазіргі уақытта зардап шегушінің жағдайы тұрақты, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді. Ауыл азаматтарымен аудан әкімі, ақсақалдар және Алматы облысы полиция департаменті бастығы тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты және бақылауда», — деп жазады Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

А

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от СЕРДИТЫЙ ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@angry_taldyk)

kaz.nur.kz

 

[:]