АЛТЫНОРДА
Қоғам

[:kz]Алматы облысының тұрғындары «мүгедек манекенді» көріп шошыды[:]

[:kz]

 

Алматы облысы Әймен ауылындағы жол бойына қойылған сынған макет тұрғындарды шошытты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл көрініс әлеуметтік желілерде жарияланды. Әймен ауылының тұрғындары мүгедек манекенді көріп наразылық танытты. Кез келген жүргізуші мұндай қорқынышты көргенде еріксіз жылдамдықты баяулатады. Алайда бұлай балалардың санасын жарақаттауға бола ма?

 

Облыстық полицейлер сынған макеттің жаңасы ауыстырылғанын түсіндірді.

“Бұл манекенді белгісіз адамдар белгісіз жағдайда бұзған. Қазір макетке зақым келтіру фактісі бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде. Манекен Әймендегі орта мектептің жанында орналасқан. Қазіргі уақытта сынған манекен жаңасына ауыстырылды”, – деп хабарлады облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кету керек, Еңбекшіқазақ ауданында автомобиль жолдарының бойында балалар бейнеленген барлығы 86 макет қойылған.

[:]