[:kz]
Алматыда сарбаз қатты дауылдың салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«2022 жылғы 9 тамызда сағат 20:55 шамасында қатты дауыл көтеріліп, жел салдарынан сарбаздар орналасқан шатыр қалашығы бүліне бастаған. Қатардағы А.Н. Шахимов әріптестерінің қауіпсіз орынға шығуына көмектесіп жүріп шатырдан соңғы болып шыққан кезде, шатырдың темір жақтауы басына тиіп жарақат алған.
Қатардағы А.Н. Шахимовқа жедел медициналық көмек көрсетіліп, санитарлық көлікпен Қонаев қаласындағы қалалық ауруханаға жеткізілген. Қалалық аурухана дәрігерлері сарбаздың қаза болғанын растайды. Қатардағы А.Н. Шахимов өзінің жанқиярлық әрекетімен жолдастарын құтқарып, өкінішке қарай өзі қатты соққыдан қаза болды», — делінген хабарламада.
Сарбаз 2022 жылдың көктемінде әскери борышын өтеу үшін Көкшетау қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментімен шақырылған.
Адырна” ұлттық порталы
[:]