АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Алматыда әкімдік күзетшісі ғимаратқа кірмек болған журналисті көтеріп алып сыртқа лақтырып жіберді (видео)[:]

[:kz]

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігінің күзетшілерінің бірі «Хабар-24» телеарнасының журналисі Ақбөпе Тәңірбергенді мемлекеттік мекеме ғимаратынан күштеп шығарып жіберді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тілші оқиғаның видеосын Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында 24 тамызда жариялады.

 

Кадрларда күзетшінің қызды лифтке жібермей жатқаны көрсетілген. Журналист ештеңеге қарамастан ішке кіруге тырысқанда, ер адам оны көтеріп алып, сыртқа апарады. Телеарна қызметкерінің айқайы мен қарсылығын елемеген күзетші оны сыртқа итеріп жіберіп, есікті жауып алады.

«Әкімдіктің күзетшілері осылай жұмыс істейді» деп жазды тілші. Видеода өзге тұрғындар күзетшінің әрекетіне сын айтып жатыр. 

«Хабар 24» телеарнасының журналисі Ақбөпе Тәңірбергенмен болған оқиғаға байланысты Алатау ауданының әкімдігі түсініктеме берді.

“Қолданыстағы карантиндік шектеулерге байланысты Алатау ауданы әкімдігінің ғимаратына кіру шектелген және Ashyk қосымшасы бойынша жүзеге асырылады. Журналист Ақбөпе Тәңірберген оператормен бірге ғимаратқа қосымшадағы өз мәртебесін сканерлемей, турникеттің астымен өткен, бұл туралы тиісті бейнежазба бар.

БАҚ өкілдері күзет қызметі қызметкерлерінің ескертулеріне жауап бермей, жанжалды жағдайды туындатты. 

Алатау ауданының әкімдігі күзет қызметі қызметкерінің әрекетін қолайсыз екенін ресми түрде мәлімдейді. Бұл әрекеттері үшін қызметтік тергеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижелері бойынша оларды жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылады.

Сонымен қатар, әкімдік БАҚ өкілдерімен конструктивті негізде жұмыс істеу үшін ашық және өз құзыреті шеңберінде қызығушылық танытқан ақпаратқа қол жеткізуге дайын екенін атап өтеді. Аудан әкімі журналистерге сұхбат беруге дайын”, – деді Алматы қаласы Алатау ауданының әкімдігі.

[:]