[:kz]
Алматыда балаларды ұрып-соққан әйел өз әрекетін түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әйел адамның айтуынша, оның тоғыз және алты жастағы балаларына үлкен балалар тиіскен, одан бөлек, оның күйеуі бұған дейін жасөспірімдермен сөйлескен де екен.
«Өткен жолы күйеуім ол балалармен сөйлескенде күліп те алғанбыз. Олар 14, 15 жастағы балалар. Бұл жолы да сол балалар болды деп нақты айта алмаймын, бірақ үшеуі сол балалар. Яғни бұл осымен төртінші рет болып тұрған жағдай. Күйеуім балаларымыздың үйге келіп, өзгелер ұрғанын айтып, жалынбау керегін түсіндірген, «егер олар тиісетін болса қорғаныңдар» деп айтқан. Балаларым оларды біреу ұрып не кемсіткенін айтпаған, сондықтан ойын алаңына төбелескісі келмегендіктен шықпаған. Үлкен ұлым үш жасынан мүгедек», — дейді әйел адам.
«Қыздар олар менің үлкен ұлымның құлағына айғайлай бастағанын көрсетті. Олар балама допты алып келуді тапсырған, ал балам естімегендей отырған, себебі олармен байланысқысы келмеген. Олар боқауыз сөз айта бастаған. Біз біраз жыл Қазақстанның оңтүстігінде тұрғанбыз, қазақ тілін жақсы білеміз, балам олар боқауыз сөз айтып тұрғанын түсінгенімен үндемеген. Олар балама: «Кереңсің бе?» деп айғайлаған. Волейбол добымен басынан ұрған. Менің ұлыммен жасты тағы бір баланы ұрған. Біз арыз жазған кезде оның анасы да болды.
Ол: «Бұл қашанға дейін созылады? Біздің балаларымызды үнемі ұрады» деді. Біздің баламыз кішірек, ал олар шамамен 10 адам болған, олар аяғын қойған кезде біздің балалар шалынып, құлап түскен. Үлкен ұлымның сіңірі тартылып қалатын, ол есінен тана бастаған», — дейді алматылық тұрғын.
Ол оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция шақырған.
«Мен өзім полиция шақырдым. Қызметкерге мен балаларға өтініш жазбайтынымды айттым, бірақ сіз оларды есепке алу үшін балалармен сөйлесіңіз дедім. Ғалымжан олармен сөйлесе бастағанда, балалар оның аузын аштырмады. Мен балаларды ұрған жоқпын, оларға боқауыз сөз айтқан жоқпын. Мен оларды қолынан ұстап, ата-анасына апарғым келді. Олар қаша бастады, қолдарын тартып алды, ересек ұлдар емес пе», — деді әйел адам.
Оның айтуынша, артынша ақыры арыз жазған. Себебі жасөспірімдер кешірім де сұрамаған екен.
«Полициядағылар егер мен арызды қайтарып алмасам, әлеуметтік желіде бір парақшаны жүргізетін олардың ағасы видеоның сол бір бөлігін жариялайтынын айтты. Мен балаларымды қорғау үшін қолымнан келгеннің бәрін істеймін. Мен арызымды қайтарып алған жоқпын, екі күннен кейін олар видеоны тарата бастады», — дейді алматылық.
Бұл жағдайдан кейін оның тоғыз жастағы баласының денсаулығы нашарлай бастаған. Сол түні олар ұлдарын балалар ауруханасына апарған. Нейрохирург баланың бас миы жарақаттанғанын айтқан.
«Бәрі жазылып тұр. Келесі күні қайтадан сіңірі тартыла бастады. Маған дәрігер: «Бәрін тастаңыз. Ешкіммен соттасудың қажеті жоқ. Балаға қараңыз», — деді. Егер сіңірі қайтадан тартыла бастаса, миға қан кетіп, бала сал болып қалуы мүмкін», — дейді әйел адам.
Балалардың анасы жағдайға әділ қарап, желіде тараған видеоға қарап ой қорытпауды сұрады.
[:]