АЛТЫНОРДА
Ел жаңалықтары

Алматыда далада түнеп жүрген студенттер әлі де көп

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы студенттер «далада түнеп жүргені» туралы бейнеролик тарады. Ғылым және жоғары білім министрлігі бейнеролик авторының және оқиға куәгерлерінің ведомствоға хабарласуын сұрады., — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомство қажет болған жағдайда ол студенттерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

«Алматыда қиын жағдайға тап болған студенттерге арналған арнайы жедел штаб жұмыс істейді. Баспанамен қамту бойынша студенттер тәулік бойы +77786556083 байланыс телефонына хабарласа алады.

Бұдан бөлек Ғылым және жоғары білім министрлігінің 1450 бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Әділет министрлігінің тұрғын үйді жалға алу мәселелері бойынша тегін заңгерлік кеңес беретін 119 (қалалық телефон) немесе 58-00-58 байланыс нөміріне хабарласуға болады (Алматы, Астана).

Еліміздегі барлық жоғары оқу орындарында қоғамдық қабылдау кеңселері ашылған. Ол жерге студенттер, олардың ата-аналары мен оқытушылар жүгіне алады», — деді министрлік өкілдері.