АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда Денис Теннің құрметіне ескерткіш тақта орнатылды [:]

[:kz]

Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Теннің құрметіне ескерткіш тақта орнатылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тақта Назарбаев даңғылында спортшы тұрған үйдің алдында орнатылды. Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына КСРО еңбек сіңірген бапкері, КСРО-ның халықаралық санаттағы спорт шебері Татьяна Тарасова мен ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Елена Радионова келді.

Айта кетейік, Татьяна Тарасова Денис Тенді 2003-2010 жылдар болатын

Бұл оның Қазақстанға алғашқы сапары екен. «Ол — ұлы адам. Осы елдің даңқын шығарғысы келді. Бірақ ол өзі осы елде қайтыс болды.

Оның өнерін тамашалаған миллиондаған адам картадан Қазақстанды іздеді. Қазақстанның қайда орналасқанын барлығы да біле бермейтін. Барлығы осы елді Денис Тен арқылы білді. Ол халқының ұлы адамы. Дениспен жұмыс істеген мен бақыттымын. Ол үздік спортшы болатын. Бала кезінен ерекшелігімен көрінетін. (…)», — деді Тарасова.  Еске сала кетейік, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын.

Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды. Кейінірек Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылатыны хабарланған еді.

Сондай-ақ, оған «Халық қаhарманы» атағын беру ұсынылған болатын. Сондай-ақ, мұның алдында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Денис Теннің өлімі бойынша жүргізілген тергеудің аяқталғанын мәлімдеген ед

. ©Tengrinews.kz

 

 

[:]