АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда көп балалы аналар қоғамдық көліктерде тегін жүретін болады[:]

[:kz]

 

 

Алматыда қоғамдық көліктерде ақысыз жүруге құқылы адамдардың санаты кеңейтілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

Қаладағы қоғамдық көліктерде жеңілдікпен жүру ақысы ұсынылатын адамдар санаттарының тізімін кеңейту туралы бастаманы Алматы қаласының әкімдігі VII шақырылған мәслихаттың кезектен тыс II сессиясы кезінде ұсынды. Депутаттар бұл дұрыс шешім болғанын атап өтіп, оны бірауыздан қолдады.

 

Қалалық қоғамдық көліктерде жеңілдікпен жүруге рұқсат етілген 9 санатқа тағы да үш санаттағы адамдар қосылды. 

— басқа мемлекеттің аумағындағы соғыстарға қатысқан ардагерлер;

— «Алтын» алқа және «Күміс» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;

— он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалардың қамқоршылары.

Бүгінгі күні Алматыда 18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың қамқоршыларының саны 1161 адамды құрайды. «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталған көп балалы аналар саны — 4663.

[:]