[:kz]
Алматыда өткен митинг кезінде өзіне пышақ тығып, денесін жарақаттаған әйел мен қызының жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Almaty арнасына сілтеме жасап.
10-маусым күні Алматыдағы «Астана» алаңында заңсыз митингке шыққан 1973 жылы туылған әйел мен 1991 жылғы қызы ұсталған. Қызмет көлігіне тоғытылған әйелдер өздеріне пышақ тығып, дене жарақатын жасаған.
Азаматшалар Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілген.
«Екі әйелдің де жағдайы жақсы, денсаулығына кауіп жоқ», — дейді бас дәрігердің орынбасары Мағаз Мұқашев.
Әйелдің терең жарақаттары тігіліп, қан алынып, қатаң қадағалануда. Ал қызының жарақаттары терең болмағандықтан тігуді қажет етпеген. Мағаз Мұқашев әйелдердің ауруханада қанша уақыт болатынын айтпады.
«Науқастарға қажетті жағдайдың барлығы жасалған. Арнайы бөлме бөлініп, психотерапевт шақыртылды», — дейді Мұқашев.
[:]