АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда Tengrinews тілшісі соққыға жығылды: Полиция тергеу жұмысын бастады (видео)[:]

[:kz]

«Қолымды бұрап, жерге құлатты. Тебе бастады. Бетімнен, ішімнен тепті…»Алматы полициясы Tengrinews.kz тілшісі Шоқан Алхабаевқа жасалған шабуылға қатысты қызметтік тергеу бастады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы полициясы департаменті ешқалай да жауапкершіліктен қашпайды және осы жағдайды объектив тексеруге кепіл береді. Сонымен қатар, жаппай тәртіпсіздік пен митингтер кезінде БАҚ өкілдерінің қауіпсіздігі жайлы ереже бар екенін ескеру керек. Ол ережелер бірінші кезекте журналистердің өздерінің қауіпсіздігіне арналған. Бұл туралы осыған дейін ІІМ басшылығы бірнеше рет айтқан болатын.

Бұл жағдайда журналист Шоқан Алхабаевта арнайы жилет болған жоқ. Сондай-ақ, қоғамдық тәртіп бұзушылардың ішінде көптеген арандатушылардың болғанын айту керек. Олардың әрекеттері бірінші кезекте азаматтардың өмірі мен денсаулығына және қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндірді. Сондықтан Ішкі істер министрлігі беретін тапсырамалар халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады», — деді Алматы қалалық полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, мұның алдында Алматыда полицейлердің Tengrinews тілшісін соққыға жыққаны хабарланған болатын. Тілші Шоқан Алхабаев 10 маусымда түнде Сайран маңында (Әуезов ауданы) полицейлердің көшеге шыққандарды ұстап жатқан жағдайын видеоға түсірген.

 

Кейбір мәліметтер бойынша, полиция заңсыз митингіге шыққандарда суық қару бар деген хабардан кейін тексеріс шараларын жүргізген. Журналиске жасалған шабуылдың алдында түсірілген видео:

«Полицейлер көшедегілерді ұстап жатқанын түсіріп алу үшін жақындағанмын. Олардың бірі «Неге түсіріп тұрсың?» деді. Мен журналист екенімді айттым. Ол түсірмеуімді сұрады. Сосын басқа полицей келіп, мені ұстауға бұйрық берді. Телефонымды алып қойды. Қайтаруын сұрадым. Кейін тағы бірнеше полицей келді. Қолымды бұрап, жерге құлатты. Тебе бастады. Бетімнен, ішімнен тепті», — деді ол.

Журналистің киімі жыртылған: 
tengrinews.kz

 

 Qamshy.kz 

[:]