АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыдағы Алтын Орда базарында өрт шықты[:]

[:kz]

Алматыдағы ірі сауда орындарының бірі — Алтын Орда базарынан өрт шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«30 маусым сағат 16.23-те өртке қарсы қызмет пультіне Қарасай ауданы, Алматы-Ташкент а/ж 15 км «Altyn Orda Qazaq Trade Ltd» ЖШС базары мекен-жайы бойынша асхананың жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнында Алматы облыстық және қалалық ТЖД-ның 20 қызметкері мен 4 техникасы жұмыс істеуде», — дейді Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері. 

 

Қабылданған шаралар бойынша өрт сағат 17.33-те ауыздықталған. Өрттің шарпу алаңы 240 ш.м (металлопластиктен жасалған асхана мен сауда павильондарының бір қатары өртенген) жеткен. 

Қазіргі сәтте өрттің шығу себебі анықталуда. 

[:]