[:kz]
Алматыдағы атыста қаза тапқандарға қатысты жаңа мәлімет пайда болды. Бұл туралы жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының төрағасы Ернар Ибраев мәлім етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Қазір белгілісі А. деген сот орындаушы қызметтік міндетін орындау үшін үйден шығару шарасын жүргізуге оқиға орнына барған. Сол жақта қылмыс болған. Сот орындаушы мен екі учаскелік полицейге және екі бейбіт тұрғынға оқ атылған. Тұрғындардың аты-жөні анықталып жатыр: олар я куәгер, я өндірушінің өкілдері. Басқа мәлімет әзірше жоқ», — деді Ибраев.
Еске салайық, бүгін, 20 қыркүйекте сағат 17.00-де Алматының Алатау ауданындағы «Ақбұлақ» шағынауданында атыс болған еді.
Үйден шығару туралы сот қаулысын туралы сот шешімін орындау кезінде осы үйдің тұрғыны — 1967 жылы туған ер адам озбырлық көрсетіп, сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторларына, төтенше жағдай қызметкерлеріне қарудан оқ жаудырған. Бес адам, оның ішінде қызметтік міндеттерін атқарып жүрген екі полиция қызметкері оқтан жарақат алып, қаза болды.
Күдікті ұсталды. Бүгінде жағдай бақылауда. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
[:]