[:kz]Алматыдағы балабақшада балалар бір-бірін ұрған: Балабақша қызметкерлері жұмыстан шығарылды[:]

[:kz]

Әлеуметтік желіде балалардың өзге баланы ұрып жатқан видеосы тараған болатын. Оқиға Алматыдағы Әуезов ауданының №58 балабақшасында болған. Әкімдіктегілер оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

Әкімдіктегілердің айтуынша, 2021 жылдың 24 желтоқсанында №58 балабақшада балалар 2017 жылы туған өзге баланы соққыға жыққан. Қызметтік тексеріс жүргізілген. 

«Оқиғадан кейін топ тәрбиешісі мен балабақша меңгерушісі қызметтерінен босатылды. Әуезов ауданы білімі бөлімінің және мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру бөлімінің басшысына бақылау жасамағаны үшін тәртіптік жаза тағайындалды», — деді Алматы қаласы білім басқармасында. 

Зардап шеккен балаға ата-анасының рұқсатымен психологиялық қолдау көрсетілуде. Жағдайы қанағаттанарлық.

Айта кетейік, бұған дейін балаларға қол көтерген балабақша тәрбиешісінің өз-өзіне қол салған еді. Кейін марқұмның артында бес баласы қалғаны анықталды. 

 

[:]