[:kz]
Қазақстандық шоу-бизнестегі жарық жұлдыздардың бірі Ернар Айдар 27 желтоқсан күні жерге құлап, бірнеше адамның өмірін қыршынынан қиған ұшақта өзінің директоры болғанын мәлімдеді. Анықталғандай, Дәулет Қожаберген әуе апатында зардап шегіп, бүгінде ауруханада жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ернар Айдар өз директорының жантүршігерлік ұшақ апатында зардап шеккенін Instagram парақшасында хабарлады. Бұл жайтқа көпшілік асқан алаңдаушылық танытқандықтан, өнер иесі оның қазіргі жағдайымен бөлісуді жөн көрген.
«Дәукабайдың жағдайы Аллаға шүкір, жақсарып келеді. Кеше кіріп сөйлескем, баршаңызға рахмет айтып сәлем жолдап жатыр. Аллаға шүкір. Барша науқасқа, Алла шипасын берсін» , — деп жазды әнші.
Айта кетейік, күні кеше болған жантүршігерлік ұшақ апатынан 12 адам қаза тапты.
Жолаушылары бар әуе кемесі ұша сала биіктікті жоғалтып, Алматы әуежайынының маңында құлады.
Оған қоса, бұған дейін Айгүл Иманбаева апатқа ұшыраған ұшақ бортында өнер адамдары да болғанын хабарлаған болатын.
Меруерт Түсіпбаева болса, аталмыш рейске билет алмақ болғандарын жарыса жазған желі қолданушыларына шүйлігіп шығып, олардың аяусыз сынап тастады. Ол өзінің тірі қалып, өзгелердің мерт болғанын мысқылдап жазу орынсыз екенін айтты.
[:]