АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматылық бойжеткен тойының алдында тісін жұлғызамын деп көз жұмды[:]

[:kz]

26 тамызда Алматыда 22 жастағы бойжеткен тіс емханасында көз жұмды. Жақындарының сөзінше, ол жақында тұрмысқа шығуы керек болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға жайлы Zhaloby Almaty парақшасында жарияланды. 

Мария есімді бойжеткен той алдында ақыл тісін жұлғызбақ болған. Алайда емханада дәрігерлер оның төрт тісін алып тастаған. Осыған байланысты оған наркоз егілген. 

Алты сағаттан кейін бойжеткеннің туыстарына оның көз жұмғаны туралы суық хабар келіпті. Емхана қызметкерлерінің айтуынша, Мария анафилактикалық шок алған. Дәрігерлер оның өмірі үшін екі сағат бойы күресіпті. Бұған қоса, емханаға жедел жәрдем шақыртылмапты, өйткені мұнда өздерінің реанимациялық бөлімі бар екен.


Бойжеткеннің туыстары марқұмның жерлеу рәсімі 29 тамызда өткенін жазады. 

“Емхана қызметкерлері бір бума ақша алып келді. Алайда әкем ақшаны алудан бас тартты”, – дейді Марияның туыстары.

Бұл туралы қалалық ПД өкілдері пікір білдірді. 

“Оқиға бойынша тексеру амалдары басталды. Іс Әуезов ауданы полиция бөлімінде тіркеліп, қалалық ПД бақылауына алынды”, – делінген полиция хабарламасында. 

[:]