АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:ru]Алматылық кейуана Мақтарал ауданына 33,6 миллион теңге көмегін өз қолымен әкеп тапсырды (ВИДЕО)[:kz]Алматылық әжей Мақтарал ауданына 33,6 миллион теңге көмегін өз қолымен әкеп тапсырды (ВИДЕО)[:en]Алматылық кейуана Мақтарал ауданына 33,6 миллион теңге көмегін өз қолымен әкеп тапсырды (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Алматылық кейуана Мақтарал ауданына 33,6 миллион теңге көмегін өз ...

Қазір әлеуметтік желіде алматылық кейуананың қасиетті Рамазан айы қарсаңында Мақтарал ауданына 33 миллион теңге зекет берген видеосы кеңінен тарап жатыр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өзін Бибіжамал деп таныстырған қария биыл 80 жасқа толады екен. Ол егістік жерлері мен баспаналары топан судың астында қалған Мақтарал ауданының тұрғындарына қаржылай көмек көрсету үшін Алматыдан арнайы келіп отыр.

Тірлігінде сауапты іс жасауға асыққан әжей қиындық құрсауындағы халыққа 480 конверт таратқан. Оның әрқайсысына 70 мың теңгеден салыпты.

«Құдай берген 10 балам бар. Әке тәрбиесін көрген жоқ. Жолдасымның қайтыс болғанына 38 жыл болды. Кішкентайым 1 жасында қалды. Өзім де әкемнен 1 жасымда қалғанмын. Немерем – 39, шөберем – 50», — дейді «ұрпағымен жасаған» қайырымды әже.

 

[:]