АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматылық қыздарды Оңтүстік Кореяда жезөкше болуға мәжбүрлеген[:]

[:kz]

Алматыда қыздарды жезөкшелікке тартқан әйел ұсталды. Ол қыздарды Оңтүстік Кореяға жіберіп отырған. Бұл туралы Алматы полиция департаментіне сілтеме жасаған Newtimes.kz жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы тұрғыны 24 жастағы қызы мен тағы бір аруды жезөкшелікке мәжбүрлегенін айтып, полицияға арызданған.

Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 308 бабымен «Билікті немесе қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалану» бойынша тіркелді.

«Біздің бөлімше қызметкерлері жедел және арнайы іс-шаралар ұйымдастырды.

Соның нәтижесінде күдікті – 1988 жылғы азаматша ұсталды. Қазіргі уақытта ол тергеліп жатыр.

Тергеу барысында қыздарды шетелге жіберу механизмі мен аталған қылмыстық процеске қатысы бар тұлғалар анықталады.

Тергеу енді ғана басталды. Сотқа дейінгі іс жүргізу аяқталғаннан кейін аталған факт бойынша көптеген сұрақтардың жауабын таба аламыз», – деп мәлімдеді Алматы ПД қылмыстық полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов

 
  

[:]