АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматылық таксиске риза болған америкалықтар қолына 5 000 теңге ұстатып кетті (видео)[:]

[:kz]

Алматылық тұрғын Талғат Дәулетбаев бос уақытында таксист болып жұмыс істейді. Осыдан бір апта бұрын оның көлігіне АҚШ-тан келген туристер отырған екен. Жергілікті халықпен сөйлескісі келгені болуы керек, Талғат ағаны әңгімеге тартыпты. Ағылшынша жауап беріп, әңгіме-дүкен құрған көлік жүргізушісіне олар қатты таңғалған екен.

Сөйтіп, риза болғандығы соншалықты, Мамыр ықшам ауданынан «Көк базарға» дейін жеткізгені үшін 5000 теңге ұстатып кетіпті.

«O My God! It’s unbelievable», — деп қайтала берді деп күледі Талғат аға. Алматы тұрғыны ағылшын тілін жоғары оқу орнында оқып жүргенде меңгергенін айтады.

«Ол кезде барлығы неміс тілін үйренгісі келеді. Ағылшын мен француз тілі топтары ашылып, оларда адам жоқ болып қалды. Содан мені соған аударып жіберді. Оқытушымыздың керемет білімді болғандығы соншалықты, менің жаңа тілге деген құштарлығымды оятты. Әлі күнге дейін ол кісінің берген білімі, ережелері, дыбыстау ерекшеліктері есімде», — дейді зейнет жасына таяп қалған аға.

Талғат Дәулетбаевтың айтуынша, тіл ұмытылып қалмас үшін ол күнделікті ағылшын тілінде голливудтық фильмдерді тамашалайды екен. Онымен қоса тым болмағанда 5 минут өзімен-өзі диалог құрастырып, ағылшынша сөйлеседі.

https://stan.kz/almatilik-taksistke-riza-bolgan-amerikaliktar-kolina-5-322337/

[:]