АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматылықтар бүгін қоғамдық көлікте тегін жүреді[:]

[:kz]

Алматылықтар өз сайлау учаскелеріне қоғамдық көлікпен тегін бара алады. Автобус, троллейбус, тіпті метроға дейін ешкімнен ақы сұрамайды. Бағыттардың қозғалысы жексенбілік кесте бойынша жұмыс істеуде. Тасымалдаушылар бүгін 700 мыңнан астам жолаушы болады деп болжап отыр. Компаниялардың басшылары елімізде өтіп жатқан кезектен тыс Президент сайлауын осылайша қолдамақ.

 «Қоғамдық көліктер таңғы сағат 6.00-ден түнгі сағат 11.00-ге дейін тегін қатынайды. Алматы қаласындағы 14 тасымалдаушы компанияның барлығы да бүгін ел игіліне ақысыз қызмет етеді. Әр бағыттың қатынау қашықтығы әр түрлі,  бірақ енді осы 9 маусым күні ол жексенбі күнгі кестеге сәйкес жүреді», — дейді Алматы қаласы Жолаушылар тасымалы мекемелері

Бұған дейін Нұр-Сұлтан, Павлодар, Қызылорда мен Шымкент қалалары аталған акцияны қолдайтындарын жеткізген еді. Бұл қалаларда да сайлаушылар өз учаскелеріне тегін жете алады.

Қамшы 

[:]