АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматылықтар қандай сауда орталықтарында коронавирусқа қарсы вакцина салдыра алады [:]

[:kz]

 

 

Алматы тұрғындарына коронавирусқа қарсы вакцинаны сауда орталықтарында алуына болады. Осы орайда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері қала тұрғындары нақты қай жерде екпе салдыра алатынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қалада 56 екпе егу кабинеті барын хабарлады.

Оның 16-ы жекеменшік болса, қалғаны мемлекетке тиесілі.

«Қала әкімінің тапсырмасы бойынша біз Алматыға вакцинаның көп мөлшерін бөлу мәселесін пысықтап жатырмыз. Осыған байланысты әкімдік пен басқармада штаб құрылды, Жоспары жасалды. Бүгін ол қала әкімімен келісіледі. Біз үлкен бизнес-қауымдастықты тартуды жоспарлап отырмыз. Ірі сауда үйлеріндегі, базарлардағы, мектептердегі вакцинация пункттері (ашу-ред.) жайлы мәселелер пысықталуда. Қазірдің өзінде қаланың сегіз ауданында пункттерді анықтап қойдық. Қалада дүрлігу болмауы керек деп ойлаймын. Қазір вакцинацияны жүргізетін дәрігерлер жасақталып жатыр», — дейді Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі, телемедицина орталығының жетекшісі Лаура Мырзағали. 

Ол вакцина салдыру таңғы 8-ден басталатынын, алдын-ала антидененің бар-жоғын анықтаудың қажеті жоқ екенін атап өтті.

Сонымен бірге, вакцина салдыруға болатын сауда сауда үйлері мен орталықтары аталды:

Олар: «Бақорда», «Спутник», «Grand Park», «Almaty Mall», «Mega», «Азия Парк», «АДК», «Esentai Mall, «Форум», «Алма-Ата», «Atakent Mall,» «Максима», «Мерей», «Адем», «Достық Плаза», «ГУМ», «Mart».

Жалпы вакцина егу жұмыстары 31 сауда орталығында жүргізілмек. Сондай-ақ Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова сауда орталықтарындағы вакцинацияның басталу уақыты туралы сұраққа жауап берді. Айтуынша, вакцинацияны сәуірдің алғашқы онкүндігінде бастау жоспарланып отыр.

«Біз қазір дайындалып жатырмыз. Әзірге ДСМ вакцина жеткізу кестесін берген жоқ. Бірақ білуімізше, сәуірде 250 мың доза жеткізіледі. Егер бұл вакцинаны алсақ, сәуірдің алғашқы онкүндігінде бастағымыз келеді», — дейді Әсел Қалықова.

kaz.nur.kz

 

[:]