АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Еліміздің 5 аймағында балаларға арналған ноутбук, планшеттің ақшасы жымқырылған[:]

[:kz]

 

Елімізде бес аймағында білім басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Олар бюджет қаржысын қолды еткен. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

«Еліміздің 5 өңірінде білім басқармасындағы лауазымды тұлғаларға қатысты 6 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Оларға 2020 жылы компьютер, планшет және ноутбук алуға бөлінген бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылуда. Аталған соталды тергеу ішкі мемлекеттік аудит актілерінің негізінде тіркелді. Сот алды тергеу жұмыстары жалғасуда. Келтірілген шығын көлемін анықтау мақсатында тиісті сараптама тағайындалады», — деді Данияр Бекайдаров агенттікте онлайн өткен баспасөз мәслихатында. 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі тергеушісінің мәлімдеуінше, компьютер, планшет және ноутбуктер Үкімет қоры есебінен аз қамтылған отбасы балаларын қашықтан оқыту кезінде техникалық қажеттілікпен қамтамасыз ету мақсатында сатып алынған. 

Осыған дейін «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ төрағасының орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғалып жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз. 

[:]