АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматылықтар науқасты жедел жәрдемге өздері арқалап апарады[:]

[:kz]

 Алматы қаласы,Алатау ауданы, Құрылысшы ықшам ауданының көшесі көлік тұрмақ жаяу адам жүре алмайтын жағдайға жеткен.

 Бұл туралы ktk.kz хабарлады. Айтуларынша, тұрғындар сап-сау тұрған жолды құбыр орнату үшін қазып, қайтадан қалпына келтірмей кеткен компания кінәлі.

Мұның салдары, әсіресе, балалар мен науқастарға қиын тиіп тұр. Өйткені, балалар мектепке бара алмай, сырқаттанғандарға жедел жәрдем жете алмай жатыр. Ал құбыр тартқан жауапты компания әне-міне деп жүргенде күннің жылынып кетерін білмей қалдық деп ақталып отыр.

Қазір көшеде резеңке етіксіз жүру мүмкін емес. Етікті тасып жүру де оңай шаруа емес, сол үшін аяқ киімінің сыртынан целлофан байлап алады. Аялдамаға немесе тәуір жолға жеткенше солай, тіпті, бір-бірін шығарып салып, резеңке етігін үйге алып қайтатын да жағдайлар болып тұрады. Алатау ауданына қарасты көптеген ықшамаудандардың басынан өткен жағдай. Дегенмен, бұл да ми батпақ жолда көп көмектесе бермейді.

— Тым жақсы өзіміз ақшамызға жарық жүргіздік, өзіміз ақшамызға тас төседік 25 мыңнан әр үй жасадық. Тамағамыздан жырып. Бір компания келіп бір ай жасайды да қашып кетеді. Екіншісі келді. Бастады да тастады. Біздің не жазығымыз бар? Тағы да ақшамызға жасауымыз керек пе? – дейді Кәмилаш Омарова.

Оқиға орнына келген құбыр жүргізген компания басшысы Қияс КҮНЕСОВ пен тұрғындар арасында дау туындап, диалог былай өрбіген:

— Бізге дейін де бұл жерде жарқырап тұрған асфальт болған жоқ.

— Болды. Өізіміздің асфальт болды.

— Ол енді асфальт емес қой.

— Ақшамен жасадық қой енді біз.

— Жасасаңдар, оның бәрін қалыпқа келтіреміз. Кішкене күте тұру керек енді.

Көмпания басшысы екі көшені бір-екі аптада қалпына келтіретінін, ал маусым айында жұмысты толық аяқтайтынын айтып, жұмысшылар қалдырып кеткен қоқысты да тазалаймын деп сендірді. Тіпті, осы көшеде бұзылған көліктерді де жасап беремін депті.

Ал, тұрғындардың айтуынша, Алатау ауданы әкімдігінің өкілдері бұл жаққа аттап баспайды, көшенің басынан кері қайтатын көрінеді. Оларды да түсінуге болады, жол батпақ, көлік жүрмейді…

Фото: ktk.kz

zhasalash.kz

 

[:]